Шираздағы лаңкестік қылмысты айыптап, Иранда халық шеруге шықты
(last modified Fri, 28 Oct 2022 12:32:17 GMT )
Қаз 28, 2022 18:32 Asia/Almaty

Жұма намазынан кейін Иран халқы шеруге шығып, Ахмад бен Мұсаның (ғ.с.) қасиетті кесенесіндегі лаңкестік қылмысты айыптады.

Сәрсенбі күні (4 қараша) қарулы адам Шаһчерақтың қасиетті кесенесіне басып кіріп, зияратшыларға оқ жаудырды. Фарс облысының әкімшілігінің саяси қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Мохебипурдың айтуынша, бұл лаңкестік әрекетте 13 адам шәһид болып, тағы 30 адам жараланған. Бұл әрекетті ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алды.

Теһран халқы және бүкіл ел бүгін,  жұма күні шеру өткізіп, Ахмад бен Мұсаның (ғ.с.) қасиетті жеріндегі қылмысты айыптады. Бүгінгі шеру Теһранда жұма намазынан кейін және елдің түпкір-түпкірінде бір уақытта өтті. Бұл шерулерде халық хазірет Ахмад бен Мұсаның (ғ.с.) кесенесіндегі лаңкестік оқиғада шәһид болғандардың отбасыларына көңіл айтып, исламдық Иранның дұшпандарына деген жиіркеніш пен өшпенділік танытты.  

 

Тегтер