Иран мен Ресей арасындағы транзитті 10 миллион тоннаға жеткізу көзделуде
(last modified Tue, 01 Nov 2022 10:24:49 GMT )
Қар 01, 2022 16:24 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей арасындағы транзитті 10 миллион тоннаға жеткізу көзделуде

Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары көліктің Иран мен Ресей арасындағы сауда және экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейтуде маңызды рөл атқаратынын айтты.

 

Шахриар Эфендизаде: ««Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі Иран мен Ресейдің  транзитті арттыруға баса назар аударатын маңызды көлік бағыттарының бірі болып табылады. Темір жол тасымалы тақырыбында Рашт-Астара теміржол желісінің құрылысына қатысу - маңызды мәселелердің бірі. Бұл мәселеге қатысты Иран мен Ресей арасында техникалық, қаржылық және құқықтық жұмыс топтары құрылды. Рашт-Астара теміржол желісінің құрылысына қатысу Бандар Аббасты, Әзірбайжан Республикасын, Ресейді және Солтүстік Еуропаны байланыстыра алады»,- деді.

 

Тегтер