Қалибаф: Дұшпан наразылықтарды бүлік пен қылмысқа айналдырып, жаңа ДАИШ тудыруды көздеп отыр
(last modified Sun, 06 Nov 2022 12:51:03 GMT )
Қар 06, 2022 18:51 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Дұшпан наразылықтарды бүлік пен қылмысқа айналдырып, жаңа ДАИШ тудыруды көздеп отыр

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Иранның кейбір қалаларында жуырда болған оқиғалар тағы да негізгі ұйымдастырушылардың наразылықтарды бүлік пен қылмысқа айналдырып, жаңа ДАИШ тудыруды көздеп отырғанын көрсетті",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф жексенбі күні Мәжілістің ашық жиналысының басында Иранның кейбір қалаларында соңғы күндері болған тынышсыздарда қауіпсіздік күштерінен бірқатар адам шәһид болғанына тоқталып: "Жаңа даиштықтар Сирия мен Ирактағы ДАИШ лаңкестеріндей ешбір себепсіз жазықсыз халықты азаптап, өлтіреді. Солар сияқты өз қылмыстарын мақтанышпен таспаға түсіріп, жарнамалайды",-деді.

Қалибаф: "Шәһид Қасым Солейманидің басқаруымен Қасиетті кесенелерді қорғаушылардың шекараны қорғауының арқасында дұшпандар шекара арқылы Иранға ене алмады. Сондықтан бүгінде ел ішінде жаңа даиштықтар қалыптастырып жатыр",-деді.  

Тегтер