Шамхани: Иран Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға үлес қосуға дайын
(last modified Wed, 09 Nov 2022 13:34:17 GMT )
Қар 09, 2022 19:34 Asia/Almaty
  • Шамхани: Иран Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға үлес қосуға дайын

ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы ресейлік әріптесімен кездесуінде: «Иран Ресей мен Украина арасында диалог арқылы атысты тоқтату және бейбітшілік орнатуға бағытталған кез келген бастаманы қолдайды және соғысты тоқтатуда рөл атқаруға дайын»,- деді.

Теһранға сапармен барған Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев бүгін, сәрсенбі күні ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамханимен кездесіп, сұхбаттасты. Шамхани бұл кездесуде аймақтық және жаһандық жағдайларға сілтеме жасай отырып, қазіргі дағдарыстар мен қиындықтардан шығудың жолын диалог пен аймақтық және халықаралық ынтымақтастық деп мәлімдеді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы билік-құмар режимнің Иран халқына қарсы гибридтық соғысының өлшемдері мен АҚШ-тың қатыгез санкцияларының салдарына тоқталып: «Екіжақты және аймақтық ынтымақтастықты, әсіресе көрші елдермен экономикалық салада кеңейту Иранның стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады»,- деді.

Патрушев осы кездесуде: «Батыс елдері, әсіресе АҚШ БҰҰ-ның Жарғысын бұзып, гибридтық соғысты қолдану арқылы тәуелсіз елдерге өздерінің саяси еріктерін таңуға тырысуда»,- деді. Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Украинадағы дағдарыс туралы: «Батыстың медиа-империясы әу бастан-ақ фактілерді теріске шығару арқылы әлемдік қоғамдық пікірде Украина дағдарысының қалай басталғаны және оның шындықтары туралы бұрмалауға көп күш салды»,- деп сөзін жалғады.

 

Тегтер