Иранда есірткі заттарын тарататын халықаралық желі жойылды
Иранның Барлау министрлігі елде есірткі заттарын тарататын халықаралық желі анықталып, жойылғанын хабарлады.
Иранның Барлау министрлігі өз мәлімдемесінде: "Иран қауіпсіздік күштерінің барлау әрекеттері арқасында елдің шығыс шекараларынан басқа облыстарға шетелдік азаматтар арқылы қоғамдық көліктермен есірткі заттарын тасымалдаумен айналысқан халықаралық желіні анықтап, құрыққа түсірді"-деп хабарлады.
Бұл мәлімдемеде: "Техникалық тексерістердің нәтижесі бойынша бұл желі Иранда күніне орташа есеппен шамамен 300-400 кг есірткі затын таратқан",-делінген.
ИИР әлемде есірткі контрабандасына қарсы күрестің алғы шебінде жүрген ел ретінде осы жолда 12 мыңнан аса шәһид берді.
БҰҰ Иранды есірткі заттарымен күрестің ту ұстаушысы деп атады.