Имам Хомейни айлағы Кавказ елдеріне тауар транзиттей алады
Жел 05, 2022 19:02 Asia/Almaty
Хузистан облысы әкімшілігінің Айлақтар және кеме қатынасы департаментінің директоры: "Имам Хомейни айлағы Ирак, Түркия мен Кавказ елдеріне мұнай және мұнайдан тыс тауарларды транзиттей алады",-деді.
Хузистан облысы әкімшілігінің Айлақтар және кеме қатынасы департаментінің директоры Бехруз Ағаи: "Хузистанның айлақтары теңіз экономикасында жоспарланған мақсаттардың бір бөлігін орындауда әсерлі рөл атқара алады",-деді.
Бехруз Ағаи: "Имам Хомейни айлағы Хузистан облысының маңызды айлақтарының бірі ретінде түрлі тауарларды тиеп-түсіру кемежайлары мен ауқымды теміржол желісіне ие",-деді.
Бехруз Ағаи: "Бұл айлақ транзиттік күре жолдарға жалғанған",-деді.