Мәжілістің бекітуімен Иранның зымыран өндіру әлеуеті арттырылады
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің депутаттары қорғаныстық сақтандыруды күшейту үшін Иранның зымыран өндіру әлеуетін арттыруды бекітті.
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің депутаттары мәжілістің жексенбі күнгі ашық отырысында зымыран өндіру әлеуетін дамыту мен арттыру арқылы сақтандыру әлеуетін жоғарылату, қысқа, орта және ұзақ қашықтықтың түрлі деңгейлерінде әуе қорғаныс қуатын күшейту, қолбасшылық және бақылау системасын толығымен орналастыру мақсатында қауіпсіз байланыс желілерін жаңарту, қоқан- лоққыларға ыңғайлас барлық қару-жарақ системаларын ақылды және жылжымалы ету, лаңкестік қарулы топтарға тосқауыл қою үшін қажетті жабдықтарды жобалау мен өндіруді бекітті.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иран Ислам кеңесі мәжілісінің депутаттары, сондай- ақ аймақтардың климаттық жағдайына қарап, шекаралық аймақтарда шекараны жабу жобаларын іске асыруды ақылды із кесуші құрылғыларды қолдану арқылы және қарулы күштер бас штабы бекіткен жобалар бойынша Барлау министрлігінің барлау қуатын қарастыруды бекітті.