Теһран жұма намазының имамы: Батыс әлемі Исламның тартымдылығынан алаңдайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i67246-Теһран_жұма_намазының_имамы_Батыс_әлемі_Исламның_тартымдылығынан_алаңдайды
Теһран жұма намазының имамы жуырда Еуропада Құран Кәрімді қорлауды айыптап: «Күпір әлемі Исламнан қорқып, Исламның тартымдылығынан қауіптенеді»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 28, 2023 08:00 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: Батыс әлемі Исламның тартымдылығынан алаңдайды

Теһран жұма намазының имамы жуырда Еуропада Құран Кәрімді қорлауды айыптап: «Күпір әлемі Исламнан қорқып, Исламның тартымдылығынан қауіптенеді»,- деді.

Iran Press агенттігінің хабарлауынша, Теһрандағы жұма намазының  имамы Казем Седиқи: «Олар Исламның толқынына қарсы ештеңе істей алмайтындарын көріп, қорлай бастады. Батыстықтар өздерінің алдамшы ұрандарына қарсы әрекет етуде»,- деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ ирандық жеке тұлғалар мен мекемелерге, әсіресе Сақшылар корпусына санкция салудағы Батыстың әрекеттеріне тоқталып: «Сақшылар корпусы еуропалықтарға да қызмет етті, өйткені генерал-лейтенант шәһид Сүлеймани өзінің бастамасымен және Аллаға арқа сүйеуімен моджахедтер тобын құра алды және америкалықтар құрған ДАИШ-ке қарсы тұрып,  ДАИШ-тың отын Еуропаға жеткізбеді. Сақшылар корпусы  құрылғанынан бері дін, революция, халық, ел үшін құрбан болды»,- деді.