Тайебния: Иранда шетелдік инвесторлар үшін жағдай жасалады
(last modified Tue, 03 May 2016 15:42:02 GMT )
Maм 03, 2016 21:42 Asia/Almaty
  • Тайебния: Иранда шетелдік инвесторлар үшін жағдай жасалады

Иранның Экономика және қаржы министрі Иранның шетелдік инвесторлардың келуі үшін тиісті жағдай мен жеңілдік жасайтынын мәлімдеді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Экономика және қаржы министрі Әли Тайебния сейсенбі күні Теһранда исламдық капитал нарығының сегізінші кезеңінің ашылуы рәсімінде сөйлеген сөзінде "Шетелдік инвесторлардың Иранда құзыр тебуіне қатысты оң көзқарас артып отыр. Иран экономиканың 8 пайыздық өсіміне жетуді мақсат етеді. Оған жету үшін шетелдік инвесторлар Иранға келуі керек. Иранның капитал және биржа базары ислам дініне негізделген. Қаржы нарығында қолданылатын қаржы құралдарының барлығы нарық қажетін қамтамасыз етумен қоса, исламдық байланысты да орындайды. Исламдық қаржы нарығы ислам елдері мен бүкіл әлем арасындағы байланысты нығайтатын орын болып табылады» деп қуаттады.

 

Тегтер