Сәу 08, 2023 09:48 Asia/Almaty
  • Раиси: Әлем мұсылмандары биылғы Құдс күнінде басқыншылар мен залымдарға қарсылығын көрсетуі керек

ИИР Президенті: «Әлем мұсылмандары биылғы Құдс күнінде басқыншылар мен залымдарға қарсы тұрғандарын көрсетуі керек»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ибрахим Раиси бейсенбі күні кешке бір топ қайырымды жандар мен қайырымдылық мекемелерінің қайраткерлерімен кездесуінде Палестинаның езілген халқына ондаған жылдар бойы қысымшылық көрсетілуіне назар аудартып, сионистердің басып алынған жерлердегі соңғы қылмыстарын, соның ішінде әл-Ақса мешітінде палестиналық құлшылық етушілерге жасалған қылмыстық шабуылды, сондай-ақ Газадағы таяуда Палестина халқына жасалған шабуылдарды айыптады.

ИИР Президенті: «Бүкіл әлем мұсылмандары биылғы Құдс күні мазлұмдарға қолдау көрсетіп, басқыншылар мен залымдарға қарсылығын көрсетуі керек»,- деді.

Интифаза және Дүниежүзілік Құдс күні штабының басшысы Рамзан Шарифтің хабарлауынша, Дүниежүзілік Құдс күні шеруі биыл 25 Фарвардин жұма күні (Рамазан айының 23. Сәйкесінше 2023 жылдың 14 сәуірі) өтеді.

Тегтер