"Қасиетті Құдс" халықаралық конгресінің төртінші отырысы өтті
"Қасиетті Құдс" халықаралық конгресінің төртінші отырысы постсионистік әлем тақырыбында Ислам революциясы жетекшісінің қажылық және зиярат істері жөніндегі өкілінің қатысуымен өтті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясы жетекшісінің қажылық және зиярат істері жөніндегі өкілі сейіт Әбдіфаттах Навваб Дүниежүзілік Құдс күні қарсаңында Теһранда өткен "Қасиетті Құдс" халықаралық конгресінің төртінші отырысында: "Бала өлтіргіш сионистік режим ең ауыр жағдайда тұр",-деді.
Сейіт Әбдіфаттах Наввабтың айтуынша, Ислам әлемі мен Палестина халқы – басып алынған жерлердің мұрагері.
Ислам революциясы жетекшісінің қажылық және зиярат істері жөніндегі өкілі постсионистік әлемнің ережелеріне тоқталып: "Палестиналықтар – көптеген шәһидтердің қанының мұрагері",-деді.