Канани Чафи: Аймаққа қару-жарақ экспорттаушылар Иранның қорғаныс құдыретіне алаңдайды
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Аймаққа қару-жарақ экспорттаушылардың басында тұрған үкіметтер бүгінде Иранның ілгерілеуі мен қорғаныс құдыретіне алаңдаушылық білдіруде",- деді.
Кеше, бейсенбіде Хорамшахрдың азат етілуімен және "Керамат онкүндігі" берекелі күндерімен бір мезгілде Иранның Қорғаныс министрі Мұхаммад Реза Аштианидің қатысуымен "Хейбар" ұзақ қашықтыққа ұшатын стратегиялық зымыранның тұсауы кесілді.
Осыған байланысты АҚШ Мемлекет департаментінің баспасөз хатшысы Мэтью Миллер Хорамшахр 4 «Хейбар» зымыранының көрсетілуіне жауап ретінде баспасөз мәслихатында Иранның бұл қорғаныс жетістігін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарына және ондағы зымырандық әрекеттерді шектеуге қайшы етіп көрсетуге тырысты. Франция Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сондай-ақ Иранның «Хорамшахр-4» зымыран сынағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын бұзу болып табылады деп мәлімдеді. Бұл туралы жұма күні Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нассер Канани Чафи твитінде: " Дәл сол Батыс үкіметтері, әсіресе Саддамның БААС режимін Иранның қорғаныссыз қалалары мен халқын әскери агрессиямен және зымыранмен басып алуға итермелеген және қаруландыруда маңызды рөл атқарған, сондай-ақ аймаққа қару-жарақ экспорттаушылар арасында бірінші орынға ие болған АҚШ пен Франция бүгін Иранның ілгерілеуі мен қорғаныс құдыретіне алаңдаушылық білдірді. Олар күшті Иранға қарсы",- жеп жазды.