Maм 27, 2023 13:31 Asia/Almaty
  • Қазақстан Иран порттарына инвестиция салуды қолдады

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ мүшелерінің Иран порттарына инвестиция салуын осы одақтың даму факторы ретінде бағалады.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан   Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия жоғары экономикалық кеңесінің отырысында «Солтүстік-Оңтүстік» және «Транскаспий» маңыздылығына  тоқталып,  осы Одақ мүшелерінің Иран мен Түркіменстан порттарында теңіз және құрлық инфрақұрылымдарын құру үшін бірлескен инвестициясын мүше елдердің экспорт географиясы мен логистикалық мүмкіндіктерін дамыту факторы деп бағалады.

Транскаспий дәлізі Қазақстанды Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан мен Грузияға, осы екі ел арқылы Түркия мен Еуроодақпен байланыстырады.

Тоқаев сондай-ақ Ресейдің Қытайға, Үндістанға, Иранға және Батыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да аймақтарына баратын жолында дәліздер құру туралы шешімін құптап, Еуразиялық экономикалық одақ Еуропаны, Азияны және әлемнің солтүстік пен оңтүстігін байланыстыратынына сенім білдірді.

Тегтер