Раиси: Имам Хомейнидің (р.а.) революциясы әлемдегі барлық саяси теңдіктерді бұзды
ИИР Президенті руханият пен саясаттың байланысын имам Хомейни (р.а.) өмірінің бір көрінісі деп атап: «Имам Хомейнидің (р.а.) революциясы әлемдегі барлық саяси теңдіктерді бұзып, жаңа теңдіктер қалыптасты деп мәлімдеді»,- деді.
Iran Press-тің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сенбі күні кешке Ислам республикасының негізін қалаушының дүниеден өткеніне 34 жыл толған түні имам Хомейнидің (р.а.) ғашықтары мен жақтастарының бұл тұлғаның қасиетті кесенесіндегі басқосуда имам Хомейнидің (р.а.) дүниеден өткеніне 34 жыл өтсе де, әлі тірі екенін айтып: «Бүгінде имам Хомейнидің (р.а.) Иран халқы мен әлемнің басқа да азат елдері үшін көрсеткен жолы мен айтқан сөздері әлемде бұрынғыдан да гүлденіп, танымал болып келеді. Имам Хомейни (р.а.) халық қалауы мен илаһи мұраттар арасындағы байланысты негізге ала отырып, Ислам республикасының негізін қаласа, қазіргі кездегі дүниедегі көптеген апаттар саясаткерлердің руханияттан ажырауынан туындап отыр. Мысалы, сионистік режимнің 70 жыл бойы палестиналықтарға қарсы жасаған қылмыстары және әлемдегі көптеген басқа қылмыстар мен жаппай қырып-жоятын қаруды жасап, қолдануы саясаткерлердің руханияттан алшақтауының нәтижесі»,- деді.
Раиси жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуының маңызды және тиімді факторларының бірі Ислам революциясы екеніне тоқталып: «Бүгінде Американың күші мен біржақтылығының көрсеткіштері төмендеп, әсіресе Азияда аймақтық ұйымдар сияқты жаңа және жаңа күштер құрылуда»,- деп мәлімдеді. Раиси бүгін қарсыласу туының Ислам революциясы жетекшісінің қолында екеніне тоқталып: «Біз Иранмен қарым-қатынас орнатқысы келетін кез келген елмен араласуға және ынтымақтасуға дайынбыз, бірақ Иран халқына қарсы тұрғысы келетін кез келген елге қарсы тұрамыз»,- деп баса айтты.