Раиси: Иранда инфляция деңгейі төмендеп келеді
Иран Президенті сейсенбі күні кешке он үшінші президенттік кезеңнің екінші жылдығы қарсаңында телеарнаға берген сұхбатында: "Үкімет инфляцияны ауыздықтауға бар күшін салып жатыр. Хордад пен ордибехешт (сәуір мен мамыр) айларын салыстыру көрсеткендей, инфляцияның өсуі бәсеңдеді, біртіндеп төмендеу бағытын алып жатыр",-деді.
Ибрахим Раиси: "Біздің құдіретіміздің басым бөлігі экономикалық белсенділіктер мен қатынастардан туындады. Бірнеше елдің оң көзқарасын тудыру үшін елдің дамуын кешеуілдету пайда бермейді",-деді.
Иран Президенті өзінің Латын Америкасына сапарына тоқталып: "Венесуэла бізге қажет өнімдерді тиімді бағаға өндіріп, қамтамасыз етіп жатыр. Біздің компанияларымыз Латын Америкасы елдеріне инженерлік-техникалық қызмет көрсетуге дайын. Бұл әлеуетті пайдалануға болады",-деді.
Раиси Сауд Арабиясымен қарым-қатынас орнағанына тоқталып: "Көршілес, ислам және жақтас елдермен қарым-қатынас жасау – біздің саясатымыз. Парламентте өткен инаугурация рәсімінде бізбен әріптестік жасағысы келетін кез келген елді құшақ жая қарсы аламыз деп мәлімдедім. Қазір де "ИИР-дың негізгі саясаты – әріптестік" деп жариялаймын",-деді.