Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Францияның «Мұнафеқин» кездесуін өткізуіне реакция білдірді
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Франция үкіметіне лаңкестер мен Иран азаматтары мен басшыларын өлтірушілерді қолдау мен қабылдауды жалғастырудың саяси және құқықтық салдары туралы ескертті.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Францияның «Мұнафеқин» лаңкестік тобының жиналысын осы елдегі саяси-әлеуметтік наразылық пен халық наразылығымен бір уақытта өткізуін бұл ел үкіметінің өз азаматтарының талаптарын елемеу және лаңкестік топтарға саяси қолдау көрсетуді жалғастыруы деп атап, оны қатаң айыптады.
Дипломатиялық мекеменің баспасөз хатшысы Франция үкіметінің лаңкестер мен Иран азаматтары мен басшыларын өлтірушілерді қолдау мен қабылдаудағы көзқарасының жалғасуының саяси және құқықтық салдары туралы ескерте отырып: «Елін, ұлтын сатқан лаңкестердің жан түршігерлік қылмыстары шетелдік жақтастарына опасыздық жасаудан тартынбайтыны сөзсіз. Осы тұрғыдан келгенде, лаңкестерді жақтаудың салдары оларды жақтаушыларға тиеді»,- деп баса айтты.