Тебриздегі Машрутият үйі
(last modified Sun, 06 Aug 2023 08:03:55 GMT )
Там 06, 2023 14:03 Asia/Almaty

14 мордад (05.08.2023) – Машрутият бұйрығы шығарылған күннің 117 жылдығы.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Машрутият бұйрығы шығарылған күннің жылдығына орай Тебриздегі Машрутият үйінде осы оқиғаның тарихына шолу жасалды.  

Машрутият революциясы – Мұзаффареддин шах пен Мұхаммедәли шах Қаджардың кезінде диктаторлық үкіметті конституциялық үкіметке ауыстыру үшін жасалған талпыныстардың жиынтығы. Соның нәтижесінде Ұлттық кеңес мәжілісі құрылып, кейін алғашқы конституция бекітілді.