Там 24, 2023 17:01 Asia/Almaty
  • Иран Қорғаныс министрлігі:

Иран Қорғаныс министрлігі: "Мохаджер-10" – ерекше дрон Иран Қорғаныс министрлігі: "Мохаджер-10" дроны сағатына 200 км-ден аса жылдамдықпен 2000 км қашықтыққа ұша алады",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммедреза Қараи Аштиани әскери-қорғаныс құрал-жабдықтары таныстырылғанына тоқталып: "Егер "Мохаджер-10" дроны үстіне радар мен телекоммуникациялық құралдар орнатылса, барлау ұшағының рөлін ойнай алады",-деді.

Сейсенбі күні Иран Президенті Ибрахим Раисидің қатысуымен "Мохаджер-10" дронын таныстыру рәсімі өтті. Бұл дрон 7 мың метр биіктікте 24 сағат бойы ұшып, 2 мың км радиусты бақылай алады. Максималды отын сыйымдылығы – 450 литр. Таси алатын максималды жүк салмағы – 300 кг.

Дронның максималды жылдамдығы – 210 км/сағ. Түрлі оқ-дәрілер мен "Қайым", "Алмас" және "Дастваре" атты бомбаларды тасымалдай алады. Электронды соғыс жүйелері мен барлау-бақылау құралдарымен жабдықталған.  

Тегтер