Иран Вице-президенті: Батыс Азиядағы сауда қатынастар өзгеруде
(last modified Sat, 02 Sep 2023 08:04:51 GMT )
Қыр 02, 2023 14:04 Asia/Almaty
  • Иран Вице-президенті: Батыс Азиядағы сауда қатынастар өзгеруде

ИИР Вице-президенті көлік желілерінің дамуын маңызды деп тауып, «Шаламче-Басра» теміржолының іске қосылуымен Батыс Азия аймағындағы сауда қарым-қатынастары өзгеретінін мәлімдеді.

 

IRNA мәліметі бойынша, Мұхаммад Мохбер осы сенбіде Шаламче-Басра темір жолының құрылысын бастау үшін Шаламчеге кетер алдында былай деді: "Шаламче-Басра темір жолы Иран мен Ирак және Батыс Азия аймағындағы дамудың стратегиялық жоспары болып табылады. Ол екі елдің темір жолдарын байланыстырумен қатар, халықаралық тасымалдау бағыттарын толықтыра алады".

Мохбер бірнеше ондаған жылдардан кейін Иранның теміржол желілерінің Иракқа қосылуын және оның Жерорта теңізіне дейін созылуын маңызды деп бағалап, былай деді: "Шаламчеден Басраға дейінгі теміржол құрылысының аяқталуымен сауда алмасуларындағы үлкен секіріспен қатар екі елдің және әлемнің шығысында орналасқан басқа елдердің саудасы Иранның теміржол желілерінен Иранның батыс жартысы мен Жерорта теңізі аймағындағы елдерге жетуі мүмкін",- деп мәлімдеді.

 

Тегтер