Иран Президенті: Біздің ойымыз Ислам үмбетінің мүддесін қорғауға бағытталуы керек
(last modified Sun, 01 Oct 2023 11:44:34 GMT )
Қаз 01, 2023 17:44 Asia/Almaty
  • Иран Президенті: Біздің ойымыз Ислам үмбетінің мүддесін қорғауға бағытталуы керек

Раиси: "Бірлік пен жақындасуға талпыну жолында біздің ойымыз Ислам үмбетінің мүддесін қорғауға бағытталуы керек",-деді.

Раиси бүгін таңертең 37-ші халықаралық бірлік форумында Ислам әлеміндегі бірліктің маңыздылығына тоқталып: "Бірлікке көңіл аудару бір жеке тақырып пен уақытша көзқарас емес, хаққа, Құран мен Алла елшісіне сенімге негізделген ой-пікірлердің жиынтығы",-деді.  

Иран Президенті: "Қасиетті Құдстың азаттығына көңіл аудару – ислам әлемінде ислам үмбеті үшін ең маңызды көрсеткіш. Сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыптандыру ислам әлеміндегі әрбір ел үшін реакциялық әрі регрессивті әрекет саналады",-деді.

Раиси: "Бірліктің арқасында қазіргі таңда әрекет ету бастамасы ислам әлемі мұджахедтерінің қолында",-деді.

Иран Президенті: "Басып алынған жерлерде табанды қарсыласу жақсы нәтиже берді. Осы стратегия дұшпанды кері шегінуге мәжбүр етті",-деді.

Раиси: "Дұшпанмен ымыраға келуге болмайды. Дұшпан қаласа да, істей алмады. Біз қаладық та, істей алдық",-деді.