Раиси: Иран Әзірбайжан мен Армения арасындағы келіспеушіліктерді шешуге көмектесуге дайын
ИИР Президенті: «Иран өзінің қуатты және ықпалды ұстанымын ескере отырып, Әзірбайжан мен Армения арасындағы бар дауларды шешуге көмектесуге дайын",- деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси кеше дүйсенбі күні Кавказ ынтымақтастық тобы отырысына қатысу үшін Теһранға келген Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен Кавказ аймағының қауіпсіздігінің аймақ елдері мен халықтары үшін маңыздылығын атап өтіп, шетелдіктердің араласуын аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа зиян деп санады. Раиси Ислам Республикасының Кавказ елдерінің қауіпсіздігін өз қауіпсіздігі деп санайтынын айтып, АҚШ, сионистік режим және Батыс елдерінің осы аймақ елдерінің тыныштығы мен тұрақтылығын бұзудағы жойқын рөліне тоқталып: "Газадағы сионистік режимнің бүгінгі қылмыстары және Америка мен оның батыстық одақтастарының бұл қылмыстарға ашық қолдау көрсетуі барлық елдерге осы үстемшіл үкіметтер мен режимдердің ешқашан олардың шынайы достары болмайтынын білу үшін сабақ болды",- деп мәлімдеді.
Арарат Мирзоян сондай-ақ ИИР-ның Кавказ аймағындағы өзгерістерге қатысты айқын және күшті ұстанымдарын жоғары бағалап, сионистік режимнің Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға, әсіресе әйелдер мен балаларға шабуыл жасаудағы қылмыстарын айыптап: "Арменияның Палестинаның езілген халқына қатысты ұстанымы ИИР-ның ұстанымдарына сәйкес келеді",- деп айтты.