Раиси: Газадағы оқиғалар адамзатқа қарсы әрекеттердің әсерлі көрмесі
(last modified Wed, 01 Nov 2023 10:48:48 GMT )
Қар 01, 2023 16:48 Asia/Almaty
  • Раиси: Газадағы оқиғалар адамзатқа қарсы әрекеттердің әсерлі көрмесі

ИИР Президенті Газадағы оқиғаларды сионистік режимнің адамзатқа қарсы әрекеттерінің әсерлі көрмесі деп атады.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Раиси Үкімет отырысының бүгінгі (сәрсенбі) отырысында: "Газадағы оқиғалар сионистік режимнің балаларды өлтіру, ауруханаларға шабуыл жасау, тыйым салынған бомбаларды қолдану және халықты жан-жақты қоршау, сондай-ақ оларға көмек, азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізуге тосқауыл қою аймақ, халықаралық қауымдастықтың көз алдында  адамзатқа қарсы әрекеттерінің әсерлі көрмесі болып табылады",- деп мәлімдеді. ИИР Президенті Газадағы оқиғаларды халықаралық ұйымдардың қауіпсіздік орнатудағы сәтсіздігінің айқын белгісі деп атап: «Джабалия лагерін аяусыз бомбалау және жазықсыз адамдарды өлтіру сионистік режимнің соңғы 20 күндегі соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстарының жалғасы болып табылады",- деді. ИИР Президенті Газадағы атысты тоқтату резолюциясын бекіту үшін Бас Ассамблея мүшелерінің шешуші дауыс беруін Американың халықаралық қауымдастықтағы оқшаулануының себебі және кейбір батыс елдерінің сионистік күштерге ілесу тәсілі деп тауып,   кейбір батыс елдерінің сионистік режиммен бірге сәби өлтіру және адамзатқа қарсы қылмыс жасау жолын халықаралық жүйелердегі екіжүзділік, алдау және қос стандарттылықтың көрінісі деп сипаттады.

 

 

 

 

Тегтер