Қалибаф: Дұшпандардың қастық әрекеттері Иран халқының ерік-жігеріне еш әсер етпейді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i74920-Қалибаф_Дұшпандардың_қастық_әрекеттері_Иран_халқының_ерік_жігеріне_еш_әсер_етпейді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Кермандағы лаңкестік оқиғада қаза тапқандарға байланысты көңіл айтып: "Дұшпандардың қастық әрекеттері Иран халқының ерік-жігеріне еш әсер етпейді",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 04, 2024 19:44 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Дұшпандардың қастық әрекеттері Иран халқының ерік-жігеріне еш әсер етпейді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Кермандағы лаңкестік оқиғада қаза тапқандарға байланысты көңіл айтып: "Дұшпандардың қастық әрекеттері Иран халқының ерік-жігеріне еш әсер етпейді",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф Керманның шәһидтер зиратына барар жолда болған лаңкестік жарылыстардан көптеген адамның қаза тауып, жараланғанына өкініш білдіріп: "Дұшпандардың Иран халқына жауластығы мен ұятсыздығының шарықтау шегінде жасалып, қорғансыз ерлер, әйелдер мен балаларды қанға бөктірген антигуманистік әрекет осындай надандар мен тасжүректердің ИИР жүйесінің арман-мақсаттарын қорғап, шәһидтерге адалдықтарын білдірген халықтың жаппай қатысуынан қаншалықты қорқып, алаңдайтынын көрсетті",-деді.

Қалибаф: "Иранның ержүрек әрі діншіл халқы жылдар бойы табандап қорғап келе жатқан революциялық ұстанымдарға адалдықтан бас тартпайды. Дұшпандардың қастық әрекеттері Иран халқының ерік-жігеріне еш әсер етпейді",-деді.