Қаң 06, 2024 20:48 Asia/Almaty
  • Катар Премьер-министрі Иран Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Катардың Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман әл-Тани Иранның Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахианмен телефон арқылы сөйлесіп, Кермандағы Шәһидтер зиратындағы  лаңкестік әрекетті айыптап,  Иран үкіметі мен халқына көңіл айтып, аман қалғандарға сабыр, жараланғандарға толық сауығып кету тіледі.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тараптар Израиль режимінің Бейруттағы әскери әрекеті мен Салех әл-Аруридің өлтірілуінің кері әсерлерін қарастырды, сондай-ақ Катардың талпыныстары, Газа, Баб әл-Мандаб және Қызыл теңіздегі соңғы оқиғалар және АҚШ көтерген кейбір мәселелер, сионистік режимнің Газа халқын өлтіруін мүмкіндігінше тезірек тоқтатуға, күштеп қоныс аударуға тосқауыл қоюға, қоршауды алып тастауға және гуманитарлық көмек, дәрі-дәрмек пен азық-түлік жіберуге тағы да назар аударды.

 

Тегтер