Иран Президенті үкімет қайраткерлеріне туристердің Иранда болуын жеңілдету туралы тапсырма берді
Ақп 12, 2024 18:06 Asia/Almaty
ИИР Президенті «17-ші халықаралық туризм және сабақтас өнеркәсіп көрмесінде» биылғы жылы туристердің Иранға келуінің 50%-ға артуы туралы ұсынылған статистикаға сілтеме жасап, үкімет қайраткерлеріне туристердің Иранда болуын жеңілдетуді тапсырды.
Раиси туризм индустриясын елдер экономикасының драйвері және үдеткіші деп атап: "Туризм – бір өнімді экономикадан шығудың маңызды салаларының бірі",- деді.
Раиси мырза мәдени, қажылық, табиғи және сауықтыру туризмін туризмнің басқа салаларының қатарына жатқызып: «Бүгінгі таңда исламдық Иран аймақтағы дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдер мен жабдықтар саласында жетекші орынға ие",- деп мәлімдеді.