Сәу 16, 2024 17:52 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан ИЫҰ Бас хатшысымен аймақтық оқиғалар туралы сөйлесті

Иран Сыртқы істер министрі мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы телефон арқылы сөйлесу барысында Батыс Азия аймағындағы соңғы өзгерістерге шолу жасады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Хұсейн Ибрахим Тахамен сұхбатында жалғасқан қылмыстардың салдарынан басып алынған Палестина мен Газа секторындағы қазіргі ауыр жағдайға тоқталып, халықаралық қауымдастықтың, әсіресе ИЫҰ мен оған мүше елдердің осы режимге қарсы тұру және оның қылмыстарын тоқтату үшін батыл әрекет етуіне шақырды.

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы да қазіргі жағдайда тұрақты атысты тоқтатуды орнатуға көмектесуді және Палестина мен Газа халқына гуманитарлық көмек жеткізуді жеңілдетуді маңызды деп санап, осыған байланысты күш-жігер мен пікір алмасуды жалғастыруды қуаттады.

Тегтер