Маусым 04, 2024 17:05 Asia/Almaty
  • Иранның саяси-экономикалық жаңалықтарына шолу: Президенттік сайлауға үміткерлерді тіркеудің бесінші күнінен бастап Иранның шикізаттық емес экспортының артуына дейін

Ирандағы президенттік сайлаудың 14-ші мерзіміне үміткерлерді тіркеудің аяқталуы, Иран Ислам Республикасының ұлы негізін қалаушының қайтыс болған күні, Иран мен Түркияның Израильдің Газа секторындағы қылмыстары туралы кеңесуі, Иранның Африка елдеріне мұнай емес экспортының артуы Иранның саяси-экономикалық жаңалықтарына шолу тақырыптарынан болып табылады.

Ирандағы президенттік сайлаудың 14-ші мерзіміне үміткерлерді тіркеу аяқталды

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі 30 мамыр күні  басталған Иран президенттік сайлауының 14-ші кезеңіне үміткерлерді тіркеу дүйсенбіде аяқталды. Біліктілікті тексеруге 7 күн, үміткерлерді жарнамалауға 14 күн қажет, ал Иран президенттік сайлауына дауыс беру 28 маусымда өтеді.

Иран Ислам Республикасының ұлы негізін қалаушы Имам Хомейнидің (р.а.) қайтыс болған күні

Дүйсенбі, 14 тир (3 маусым), Иран Ислам Республикасының ұлы негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.а.) қайтыс болған күні.

Аятолла Сейед Әли Хаменеи Иран Ислам Республикасының негізін қалаушысына қатысты рәсімде сөйлеген сөзі.

Осыдан 35 жыл бұрын дәл осы күні Иран Ислам революциясының ұлық жетекшісі Рухолла Мұсави Хомейни 87 жыл қажырлы және қажымас өмірден кейін көзін жұмды.

 

Теһрандағы Қытай елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

Қытайдың Ирандағы елшісі Қытай Халық Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің бірлескен отырысының қорытынды мәлімдемесінің негізсіз уәждерін қолдағаннан кейін Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.  

Қытайдың Теһрандағы елшісін өткен жексенбіде Иран Сыртқы істер министрлігінің Парсы шығанағы елдерінің министр көмекшісі әрі бас директоры Мұхаммад Әли Бек шақырды. Қытай үкіметінің ҚХР мен БАӘ-нің бірлескен отырысының қорытынды мәлімдемесінің 26-шы тармағындағы негізсіз мәлімдемелерді қайтадан қолдауына  байланысты ИИР-ның наразылығы хабарланып,  наразылық нота тапсырылды.

 

Иран Еуропа Одағының ирандық қайраткерлер мен мекемелерге қарсы санкцияларын айыптады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Еуропалық Одақтың кейбір Иран қайраткерлері мен мекемелеріне қарсы жаңа санкцияларын айыптады.

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысының Еуропалық Одақтың жаңа санкцияларына қарсы ұстанымы

Жұма күні Еуроодақ ИИР-на қарсы дұшпандық әрекеттерін жалғастырып, алты адам мен үш ирандық ұйымға, соның ішінде Ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштері мен Иранның Қорғаныс министріне қарсы санкция енгізді.

 

Израильдің Газа секторындағы қылмыстары туралы Иран мен Түркия арасындағы кеңес

Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери Кани Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесуінде Палестинадағы соңғы өзгерістер мен сионистердің Газа секторындағы әйелдер, балалар мен жазықсыз адамдарға қарсы қылмыстарының жалғасуына тоқталып: «Исламдық елдердің ынтымақтастығы мен бірлігуі  Газаның мазлум халқына қолдау көрсету үшін маңызды әрі тиімді мүмкіндік туғызады және ислам елдері Палестина халқына қолдау көрсету үшін ешбір мүмкіндікті аямауы керек»,- деді.

Хакан Фидан да: «Сионистердің Газа секторындағы адамзатқа қарсы қылмыс пен геноцидтің жалғасуына жол бермеу үшін барлық мүмкіндіктер пайдаланылуы керек»,- деді.

 

 

Иранның Бушер кеденінен 5 миллион тоннадан астам шикізаттық емес тауарлар экспортталды

Иранның оңтүстігіндегі облысының кеден бақылаушысы және Бушер кеденінің бас директоры Әли Сүлеймани: «Бұл облыстың кеденінен өткен 2 айда құны 1 миллиард 875 миллион 470 мың доллар болатын 5 миллион 52 мың тонна мұнай емес тауарлар экспортталды»,- деді.

Иранның оңтүстік облыстарының кеденінен экспорттау

Шикізаттық емес экспорт 4%-ға артты

Иран кеденінің басшысы  Мұхаммад Резванифар биылғы жылы елдің сыртқы саудасының құны 25 миллиард 280 миллион долларға жеткенін және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда осы жылдың алғашқы екі айында елдің шикізаттық емес экспорты 3,8 пайызға артқанын хабарлады.

 

1404 жылға қарай шикі сүт өндірісін 15 миллион тоннаға   жеткізу

Иранның Жиһад және ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы директорының орынбасары Мұхаммад Ибрахим Хасаннежад Иранның сүт өндірісі бойынша әлемде 23-ші орында екенін мәлімдеп: «Жоспар бойынша 1404 жылдың көкжиегінде елімізде шикі сүт өндірісі 14 миллион 850 мың тоннаға жетеді»,- деді.

 

Иранның Африка елдеріне шикізаттық емес экспортын арттыру

Сейед Рухолла Латифи, Иранның Сауданы дамыту комиссиясының ресми өкілі: «Соңғы екі жылда Иран мен Африка арасындағы сауда айналымы бір миллиард 200 миллион долларға жетті, ал біздің Африка елдеріне өткен жылдардағы орташа экспортымыз 500-600 миллион доллар арасында болды. Ел тарихында бұрын-соңды болмаған 54,4 миллиард долларлық шикізаттық емес экспорттық квотаның куәсі болып отырмыз»,- деді.

 

 

 

 

Тегтер