Маусым 11, 2024 17:33 Asia/Almaty
  •  Израильдің балаларды өлтіру режимін қолдаушылар басқаларға мораль үйретпеуі керек.  Иранның Америка мен Францияға жауабы

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ пен Франция президенттерінің ИИР-на қарсы кейбір негізсіз және қабылданбайтын аайтылған ортақ мәлімдемесін айыптап, оны қабылданбайын деп санады.

 

Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани бұл анти-ирандық мәлімдеменің негізсіз, саяси мақсаттар мен уәждерді қамтитынын және Франция мен Американың бұрынғы сәтсіз саясаттарының жалғасы екеніне тоқталып: "8 айдың ішінде 15 мың бала мен мыңдаған палестиналық әйелді қырып салған бала өлтіруші Израиль режимін қолдаушылар және Израиль режимінің әскери қылмыстарына наразылық білдірген студенттер мен азаматтарды жәбірлеушілердің басқаларға адамгершілік пен адам құқығын үйретуге рұқсат беруі өте күлкілі",- деді.

Ол Украинадағы қақтығыс басталғаннан бері Иранның екі жақ арасындағы келіспеушіліктерді саяси жолмен реттеуді қолдауға негізделген принципті және айқын саясат ұстанғанын баса айтып: "ИИР-ның аймақ пен әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті орнату мен нығайтудағы және халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолындағы лаңкестік топтармен күресудегі белгілі рөлі даусыз",- деп мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы  сондай-ақ, Франция президентіне: "Еуропаның Америка Құрама Штаттарына, әсіресе қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы күш-жігеріне ермеу қажеттілігіне қатысты соңғы мәлімдемелері аясында Франция да АҚШ үкіметінің Иранға қарсы дұшпандық және Иранға қарсы саясатын түзетуі керек",- деді.                                                                                                                                                                            

  

Тегтер