Маусым 11, 2024 22:18 Asia/Almaty
  • Ирандағы зороастрліктердің бұрынғы өкілі: Ирандағы әртүрлі дінді ұстанушыларының сындарлы қатар өмір сүруі Иранның этикалық мәдениетіне байланысты.

Доктор Исфандияр Ихтиаридың айтуынша, Иранның мәдениеті «идеологиялық» емес, «этикалық». Иран мәдениетінде ең бірінші маңызды нәрсе – адамгершілік пен имандылық.

 

 

Ирандағы зороастрліктердің Ислам кеңесіндегі бұрынғы өкілі доктор Исфандияр Ихтиари жақында Parstoday-ге берген сұхбатында Ирандағы әртүрлі діндердің жақтастарының сәтті және бейбіт қатар өмір сүруінің тамырын талқылады.

"Біз Иран мен Иран мәдениеті туралы айтып отырмыз. Иран мәдениеті соңғы 40 жылда немесе  қалыптасқан жоқ. Бізде бірнеше мың жылдық мәдениет бар".

 Исфандияр Ихтиари

 

Иранның бірнеше мың жылдық мәдениеті туралы сөз қозғағанда Кир сияқты тұлғаға келеді. Ол Вавилонды жаулап алғанда, кез келген адамның өз дініне ие бола алатынын ресми түрде мәлімдейді. Сондықтан, біз Иранда өмір сүрген кезде, тіпті 1400 жыл бұрын Иранда христиандар, калимиандар өмір сүргенін көреміз. Тіпті олардың тарихында христиан дінінен кейінгі ең көне шіркеу Иранда болған. Кейінірек идеологияға барамыз. Демек, бәріміз әуелі пендеміз, сосын ирандықпыз, сосын өзгеміз. Бұл Иран мәдениетінде қалыптасқан.

Осы себепті, мысалы, Теһрандағы Мырза Кочч Хан көшесінің бір жағында Адриан (Теһранның от орны) және оған қарама-қарсы христиан шіркеуі орналасқан. Сол көшеде сәл төменірек Килимиан синагогасы, ал одан жоғарыда мұсылмандар мешіті орналасқан. Бұл көше  соңғы 50 жылда салынған көше емес. Бұл Ирандағы тату-тәтті өмір сүру мәдениетін көрсетеді. ДАИШ-ті құратын және қолдайтын елдер үшін бұл мәдениетті түсіну өте қиын. Өйткені ол елдердің ішінде жұмыс тек идеологияға негізделген.

Менің ойымша, Иран ешқашан басқа елдер сияқты емес және болмайды, тіпті бір топ бұл процесті тоқтатқысы келсе де. Бұл мүмкін емес, өйткені мәдениет бір күнде жасалмайды, мәдениет  нұсқаумен өзгертуге болатын бұйырықпен жасалған нәрсе емес. Кімде-кім мұны істемек болса, ол өзін-өзі жойғаны. Біздің елде бірге өмір сүрудің мыңдаған жылдар бойы сақталатын тамыры бар.

 

Тегтер