Маусым 30, 2024 17:11 Asia/Almaty
  • Пезешкиан  немесе Джалили;  Иран халқы президенттік қызметті кімге сеніп тапсырады?

Ирандағы президенттік сайлаудың бірінші кезеңіндегі дауыстарды санаудың аяқталуымен Масуд Пезешкиан мен Саид Джалили екінші турға өтті және осылайша осы екі адамның бірі Иранның 14-ші үкіметінің президенті болады.

 

14-ші президенттік сайлау 8 шілде, жұма күні бүкіл Иранда өтті. Parstoday хабарлауынша, Иран бойынша 58 640 сайлау учаскесінде есептелген дауыстардың жалпы саны 24 535 185 дауысты құрап, кандидаттардың мәртебесі мен дауыстары төмендегідей:

1- Масуд Пезешкиан - 10 миллион 415 мың 991 дауыс

2- Саид Джалили – 9 миллион 473 мың 298 дауыс

3- Мұхаммед Бақер Калибаф - 3 миллион 383 мың 340 дауыс

4- Мұстафа Пурмұхаммади  – 206 397 дауыс

 

Осылайша Иранның президенттік сайлауына үміткерлердің ешқайсысы жарты плюс бір дауыс жинай алмады және Иран сайлауы екінші кезеңінде Масуд Пезешкиан мен  Саид Джалили өзара бәсекеге түсетін болды.

Жарияланған кестеге сәйкес, Иран президенттік сайлауының екінші кезеңіне жолдама алған екі үміткер арасында бірінші пікірсайыс 11 шілде дүйсенбіде, ал екінші пікірсайыс сейсенбі, 12 шілдеде өтеді.

Ирандағы президенттік сайлаудың екінші кезеңі алдағы жұма күні 5 шілдеде өтеді.

 

Масуд Пезешкианның ғылыми және еңбек жұмыстары

Жүрек хирургиясы бойынша маман, Табриз медицина  университетінің деканы, Иранның Денсаулық министрінің орынбасары,  парламенттің 10-шы мерзімінде Иран Ислам кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Иран Ислам Кеңесіндегі Табриз, Азаршахр және Эско сайлау округтерінің 8, 9, 10, 11 және 12 кезеңдерінің өкілі.

 

Саид Джалилидің ғылыми және еңбек жұмыстары

Саясаттану ғылымдарының кандидаты, Иран Сыртқы істер министрлігінің әртүрлі бөлімдерінде болу, Иран Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка бойынша орынбасары, ИИР Президентінің кеңесшісі, Басидж Мустафефиннің стратегиялық кеңесінің мүшесі, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы, Иранның ядролық келіссөздер тобының басшысы, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі, Иранның Сыртқы байланыстар стратегиялық кеңесінің мүшесі.

 

Тегтер