Әлемде Иранның қорғаныс құрал-жабдықтарына сұраныс төрт есе артты
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының баспасөз өкілі өткен үш жылда елде қорғаныс құрал-жабдықтары экспортының 4 есе артқанын хабарлады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясы елдің Қорғаныс министрі Мұхаммедреза Қараи Аштианимен ортақ жиналыс өткізді.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әмір Аштиани осы жиналыста Иран Қорғаныс министрлігінің жергілікті білімге негізделген жетістіктері туралы баяндама жасап, өткен үш жылда елде қорғаныс құрал-жабдықтары экспортының 4 есе артқанын айтты.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ұлттық қауіпіздік және сыртқы саясат комиссиясының баспасөз өкілі Резаидың айтуынша, әмір Аштианидың баяндамасына сәйкес орасан зор шығындарға қарамастан, сионистік режим әуе қорғанысын толықтай алмады, сондықтан әлсіз болып отыр.
Резаи әмір Аштианиге сілтеме жасап: "Өткен 3 жылда Иранда әскери өндіріс 2,5 пайызға артты",-деді.
Айта кету керек, 2023 жылы 18 қазанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына сәйкес ИИР-дың баллистикалық зымырандарын тасымалдауға қатысты әділетсіз салынған шектеулердің күші жойылды. Осы қарарға сәйкес әлем елдері бұдан былай Иранға қатысты кейбір зымырандар, дрондар мен технологияларды тасымалдауда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен рұқсат алуға мәжбүр емес.