Қыр 17, 2024 19:54 Asia/Almaty
  • Ирандықтардың ұлттық, саяси және діни болмысының дүниежүзілік көрнісі; Иранның Олимпиада және Паралимпиада  спортшыларының имам Хаменеимен кездесті

Ислам революциясы жетекшісі халықаралық жарыстарды дене күші мен спорт шеберлігімен қатар халықтардың рухани күші мен өзіне деген сенімін көрсететін кезең деп санады.

Ислам революциясының жетекшісі имам Хаменеи бүгін таңертең Олимпиада және Паралимпиадаға қатысқандардың медаль иегерлері және басқа мүшелерімен кездесуінде ирандықтардың қабілеттерінің жарқырауы мен  ұлттық, саяси және діни болмысының көрінісін ирандық спортшылардың осы жарыстарға қатысуының ең көрнекті нәтижесі деп атады.

ParsToday агенттігінің хабарлауынша, ел спортшыларының өнер көрсетуіне ұлттың қуанышы мен абыройы мен мақтаныш сезіміне сілтеме жасай отырып, аятолла Хаменеи: "Талантты дер кезінде тауып, қаһармандардың өміріне қамқорлық жасау және бір мезгілде біріншілік спортқа, жалпы жұртшылыққа көңіл бөлу спорттың алға жылжуы мен қарқынын арттырады",- деп мәлімдеді.

Олимпиада және Паралимпиада  жүлдегерлері мен басқа да мүшелерінің Революция жетекшісімен топтық суреті

Аятолла Хаменеи Иранның мақтан тұтар перзенттерінің бір тобымен кездескендегі үлкен ризашылығын білдіріп: «Сендер өз медальдеріңмен және талпыныстарыңмен халықты қуанттыңдар. Сізге, жаттықтырушыларға және қатысқандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын",- деді. Ол спортқа байыппен қарауға шақырып, осы кездесуде Спорт министрінің спорттың әлеуметтік-психологиялық және үміт тудыратын әсері туралы жан-жақты сөздеріне тоқталып, ол былай деп қосты:  "Спорт қоғамдық дипломатияға түбегейлі әсер етеді және тұтастай алғанда елді көтереді".

Кейбір ойларды айта отырып, революция көсемі халықаралық жарыстарды дене күші мен спорттық шеберлігімен қатар ұлттардың рухани күші мен өзіне деген сенімділігін көрсететін кезең деп біліп:

"Сіздер кәсіби және спорттық қабілеттеріңізді көрсетумен қатар, медальді Палестина мен Газа балаларына сый ету, хиджаб пен байсалдылық, жарысқа аттанатын топты пәк имамның (ғ.с.) атымен атап, Палестина туымен селфи түсіріп, және тағы басқа мағыналы әрекеттерді жасап, қара ниеттелерге ұлттың өзіне деген сенімін әшкерелеп, рухани қабілеттеріңізді, ұлттық-діни және исламдық болмысыңызды көрсетіп, құрметтедіңдер",- деп айтты.

Ол былай деп қосты: "Мен бұл өте құнды іс-әрекеттердің әрқайсысына мән беріп, оның терең мағынасын халыққа түсіндіремін".   

Аятолла Хаменеи зұлымдардың Иран халқының «болмысын, ақиқат пен сенімін» бұрмалауға бағытталған үздіксіз талпыныстарына  тоқталып:

"Олар Иранда діни сезім әлсіреп кетті дейді, бірақ кейіпкеріміз жүз миллиондаған көрерменнің алдында Құранды сүйіп, шүкіршілік етіп сәждеге бас иген кезде, Иран ұлтының ақиқаты мен болмысы, оның наным-сеніміне беріктігі айқын көрінеді".

Ол Олимпиада және Паралимпиада жарыстарының осы кезеңінде халықаралық спортты басқаратын елдердің екіжақты саясатына тоқталып,  былай  деді: "Соғыс салдарынан бір елге жарысқа қатысуға тыйым салынса, сионистік режим бір жыл ішінде 41 мың адамды, соның ішінде мыңдаған баланы өлтіргеніне қарамастан, жарысқа қатысуға тыйым салынбады".

Революция жетекшісі былай деп қосты: "Талай рет айтқанымыздай, спорттың саяси емес деген тұжырымына қарамастан, бұл екіжүзді саясаттар ең көп саяси әрекеттердің спортта жүзеге асатынын көрсетеді",- деді.

Аятолла Хаменеи чемпион спортшыларды спорт алаңдарынан  тыс жерде намысын қорғауға шақырып:

"Сіздердің амалдарыңыз көп адамға, жастарға үлгі. Сондықтан халықаралық аренада бүкіл әлемге дінге, этикаға және діни, саяси және әлеуметтік жауапкершіліктерге деген құрметіңізді көрсеткеніңіздей, жұмыс пен өмірде де осы маңызды жауапкершіліктерге құрметпен қарау керек",- деді.

Ислам революциясы жетекшісі сондай-ақ шенеуніктерге мектеп кезінен таланттарды іздеу және спорттық дарындыларды дер кезінде ашуды жоспарлауға кеңес беріп: «Келесі ұсыныс - күрес сияқты жоғары медальді пәндерге, сондай-ақ ирандық ең жоғары пәндер мен зурхана және чуган сияқты спорт түрлеріне ерекше назар аудару. Сонымен қатар – ұлттық немесе діни себептерге байланысты сионистік тараппен бәсекеге түспейтін және шын мәнінде шығынға ұшыраған спортшыны назардан тыс қалдырмау – спорт шенеуніктерінің маңызды міндеттерінің бірі",- деді.  

Аятолла Хаменеи үкіметтің спортшылардың күнкөрісі мен жұмыспен қамтылуына және олардың спорттық қажеттіліктерін мүмкіндігінше қамтамасыз етуге көңіл бөлуіне тоқталып, бұқаралық спортты дамытуды қажет деп тауып: "Мен чемпионат спортына толық көңіл бөлуді жақтаймын. Бірақ бұқаралық спортқа назар аударуды назардан тыс қалдыруға болмайды, өйткені спорт елдің көптеген шығындарын, физикалық және моральдық шығындарды азайтады",- деп баса айтты. Ол өзінің соңғы ұсынысында ирандық жаттықтырушыларға қолдау көрсету мен қуаттарын екі есе пайдалануды пайдалы әрі қажет деп санап: "Ел спортының ілгерілеу жолында екеніне және бұл жолдың жалғасуы керек екеніне қуаныштымын",- деп айтты.

Осы жиынның басында Спорт және жастар министрі Дүниемали Парижде өткен Олимпиада және Паралимпиада жарыстарына жолдама алған ел спортшыларының жетістіктері туралы есеп беріп, былай деді: "Жалпы жарыс өтетін жерде Иранның туы 37 рет көтерілді". 

Бұл кездесуде Паралимпиада атудан бірнеше алтын медальдардың иегері Сара Джаванмарди ханым, таэквондодан Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері Арин Салими және ауыр атлетикадан Иранның алтын чемпионы Рухолла Рустами спортшылар атынан Ислам революциясы жетекшісінің дұғалары, құттықтаулары мен қолдаулары үшін рахмет айтып, осы жарыстардағы ел қаһармандарының рухани құрметтерін еске алып, спорт саласындағы жетістіктерін жалғастыру үшін қаһармандардың күнкөрісі мен жұмыспен қамтылуына спорт басшыларының назарын аударуды талап етті.

 

Тегтер