Қыр 18, 2024 17:39 Asia/Almaty
  • Қандай елдердің электронды тауарлары басқа қоғамдардың тұтынушыларына қарсы әскери қару бола алады?

Университет профессоры және Х әлеуметтік желі белсендісі Ливандағы пейджерлердің жарылуына реакция білдіріп былай деп жазды: «Батыс компанияларының өнімдерін сізге, сіздің отбасыңызға және айналаңыздағыларға қарсы қару ретінде пайдалануға болады».

Сейсенбі күні кешке БАҚ Ливанның бірнеше аймағында бірнеше байланыс құрылғыларының жарылғанын хабарлады. Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, бұл лаңкестік әрекетте 2750 адам жараланып, 11 адам шәһид болды.

Pars Тoday хабарлауынша, университет профессоры және X әлеуметтік желісінің белсендісі Сейд Мұхаммад Маранди былай деп жазды: «Электрондық тауарларды немесе батареяларды жеткізу тізбегімен бірге шығаратын барлық батыстық, тайваньдық, корейлік және жапондық компаниялар мүлдем сенімсіз. Олардың өнімдері сізге, сіздің отбасыңызға және айналаңыздағы адамдарға қарсы қару болуы мүмкін. Олардың өнімдерін сатып алмаңыз».

Тегтер