Ислам әлемінің Құран Парламенті - Иранның Мұсылман ассамблеясындағы бейбітшілікті қолдау туралы ұсынысы
Иран Ислам мәдениеті және байланыс ұйымының басшысы Мәскеуде өткен ХХ-шы Халықаралық мұсылмандар форумында: "Қасиетті кітабымыз татулық пен достықтың жаршысы болғандықтан, мұсылман елдерінің ынтымақтастығымен бейбітшілікті қолдау үшін Ислам әлемінің Құран парламентін құруды ұсынамын",- деді.
Иран Ислам мәдениеті және байланыс ұйымының басшысы Мұхаммад Мәһди Иманипур 48 елдің дін қайраткерлерінің қатысуымен Мәскеуде өткен және Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) туған күні және "Бірлік апталығымен" тұспа-тұс келген ХХ-шы Халықаралық мұсылмандар форумында: "Бұл Форум ислам діндерінің жақындасуын нығайтып, бейбітшілікті ілгерілетудің құнды мүмкіндігі болып табылады",- деп айтты.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иманипур осы отырыста сондай-ақ сионистердің Палестинаның езілген халқына қарсы жасаған қылмыстарын айыптап, Батыс елдері мен Америка Құрама Штаттарының Израильдің қылмыстарына үнсіз қалуын олардың адам құқықтарына қатысты екі жақты стандарттарының көрсеткіші деп санады.
Иран Ислам мәдениеті және байланыс ұйымының басшысы осы отырыста ислам ғұламалары мен дін басшыларының қазіргі кезеңде ағарту саласында және ақиқатты айтуда, сондай-ақ әділ бейбітшілік орнатуға тырысуда ауыр жауапкершілікке ие екенін атап көрсетті.
Соңында Иманипур бұл келіссөздердің нәтижелері, әсіресе Газа сияқты дағдарыстан зардап шеккен аймақтарда әділ және тұрақты бейбітшілік орнатуға негіз болатынына үміт білдірді.
Бұл басқосу Мәскеудегі Үлкен мешітте түрлі ислам елдерінің діни, саяси және мәдени қайраткерлерінің қатысуымен өтті.