Ислам революциясының жетекшісі: Ислам Республикасы Сауд Арабиясына озық салаларда көмектесуге дайын
ParsToday - Ислам революциясының жетекшісі: «Иран Ислам Республикасы мен Сауд Арабиясының қарым-қатынасы екі ел үшін де пайдалы болады және екі ел бірін-бірі толықтыра алады»,- деді.
Ислам революциясы жетекшісі кеңсесінің ақпарат сайтының хабарлауынша, Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бейсенбі күні Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Халид бен Салманмен кездесуінде екі ел арасындағы қарым-қатынастарды кеңейтудің дұшпандары бар екеніне тоқталып: «Осы дұшпандық ниеттерді жеңу керек және ИИР осы бағытта ынтымақтастыққа дайын»,- деп айтты. Ол Иранның кейбір жетістіктеріне тоқталып: «Ислам Республикасы Сауд Арабиясына осы салаларда көмектесуге дайын»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі былай деп баса айтты: «Аймақтағы бауырластардың ынтымақтасуы және бір-біріне көмектесуі басқаларға арқа сүйеуден әлдеқайда жақсырақ».
Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Халид бен Салман да Ислам революциясының жетекшісімен кездесуге үлкен ризашылық білдірді. Ол Иранмен қарым-қатынастарды кеңейту және барлық салаларда ынтымақтастық жасау күн тәртібімен Теһранға барды және сындарлы келіссөздер Сауд Арабиясы мен ИИР арасындағы бұрынғыдан да күшті қарым-қатынастарды қамтамасыз етеді деп үміттенді.
Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі сондай-ақ Сауд Арабиясы Королінің жолдауын Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеиге табыс етті.



