Имам Хаменеидің жұмысшы қауымды толық қолдауы; Еңбекшілер – қоғамның тұрақтылығының тірегі
(last modified Sat, 10 May 2025 13:54:24 GMT )
Maм 10, 2025 19:54 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеидің жұмысшы қауымды толық қолдауы; Еңбекшілер – қоғамның тұрақтылығының тірегі

ParsToday - Имам Хаменеи сенбі күні таңертең еңбек апталығына орай мыңдаған жұмысшылармен кездесуінде өндіріске инвестиция салу ұранының жүзеге асуын жұмысшыларға шынайы көңіл бөлуге байланысты деп санап, ең маңызды еңбек капиталы және қоғамның тұрақтылығының тіректерінің бірі деп атап: «Ирандық тауарлар мен материалдарды тұтыну елде мәдениетке айналуы керек. Әрине, мәдениетті қалыптастырумен қатар отандық тауарлардың сапасы да көтерілуі керек», -деп айтты.

Ислам революциясының жетекшісі Иранның түкпір-түкпіріндегі мыңдаған жұмысшылармен кездесуінде еңбек пен жұмысшылар мәселелерін ел тағдырына байланысты тауып, еңбек пен еңбектену құндылығының маңыздылығын білдіріп: «Құрметті еңбекшілер өздерінің қадірін білулері керек, өйткені тонаудан, басқалардың мал-мүлкіне қол сұғудан аулақ болу арқылы күнкөріс пен адал нан табу, сондай-ақ өнім өндіру және қызмет көрсету арқылы қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз ету – Алла Тағаланың алдында жақсы деп есептелетін адами тұрғыдан еңбекшінің екі құнды әрі маңызды қасиеті», -деді.

Pars Today ақпарат агенттігінің Діни жетекші кеңсесінің ақпараттық сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, имам Хаменеи еңбектің құндылығын былай деп тоқталды: «Еңбек адам өмірін басқарудың және тұрақтылығының негізгі тірегі, онсыз өмір сал болып қалады. Сондықтан ғылым мен қаржы жұмысты орындауда маңызды және тиімді болғанымен, жұмысшыларсыз ешнәрсе істелмейді және ол жұмысшыға өмір береді», -деді.

Биылғы жылдың «Өндіріске арналған инвестиция» деп аталуына тоқталған ол еңбекшілерді өндірістің ең маңызды қоры және қоғамның тұрақтылығы мен беріктігінің бір тірегі деп атады. Қаржылық инвестицияның жұмысшылардың ерік-жігері мен қабілетінсіз ешқайда апармайтынына тоқталып, ол: «Осы себепті қоғамдардың дұшпандары, соның ішінде Ислам республикасының арам пиғылдары жұмысшы табының Ислам Республикасында жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, наразылық танытуға тырысты», - деді.

Революцияның бас кезіндегі коммунистік қозғалыстардың өндірісті тоқтатып, сал ауруына шалдықтырған әрекеттеріне тоқталып: «Бүгін де дәл осындай уәждер бар, бірақ сол күні де, бүгін де біздің жұмысшылар оларға қарсы тұрып, күшті жұдырықпен жауап берді», -деп айтты.

Имам Хаменеи сөзін жалғастырып, кейбір отандық тауарлардың өте жақсы сапасына тоқталып: «Мұны елде өндірілмеген тауарларды қоспағанда, ирандықтар ирандық тауарларды тұтынатын ортақ мәдениетке айналдырайық», -деді.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің қорытынды бөлімінде де Палестина мәселесін ұмыттыруды көздейтін дұшпандық саясаттарға тоқталып: «Мұсылман халықтары түрлі қауесеттер, бос сөз бен мағынасыз әңгіме тарату арқылы қоғамдық пікірді Палестина мен Газа мәселесінен және сионистік режимнің қылмыстарынан алыстатуға жол бермеуі керек», -деді.

Ол әлемнің сионистік режим мен оның жақтастарына қарсы тұруын маңызды деп атады және былай жалғастырды: «Америка шынымен сионистік режимді қолдайды және саясат әлемінде басқаша мәлімдемелер жасалса да, шындық мынада:  Палестина мен Газаның езілген халқы тек сионистік режиммен ғана емес, сонымен қатар Америка мен Ұлыбританиямен де бетпе-бет келіп, қылмыстардың, кісі өлтірулердің және қырғындардың алдын алудың орнына, қару-жарақ жіберу және қылмыстық нысандарды жіберу және оларға көмектесу».

Ислам революциясының жетекшісі кейбір ұрандар, сөздер және өткінші оқиғалардың Палестина мәселесін ұмыттырмауы керектігіне тоқталып: «Палестина Алланың рақымымен және даңқымен сионистік басқыншыларды жеңеді және жалған ағым бірнеше күнде аяқталады, олардың Сирияда істеп жатқан істері олардың күш-қуатының белгісі емес, әлсіздіктің белгісі және одан әрі әлсіздікке апаратыны сияқты», деп айтты.

Имам Хаменеи сөзінің соңында Иран халқы мен мүмін халықтар бір күні Палестинаның сол жерді басып алушыларды жеңгеніне куә болады деп үміттенді.