Қалибаф: Иран халқы жаудың өз мақсаттарына жетуіне жол бермеді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i82522-Қалибаф_Иран_халқы_жаудың_өз_мақсаттарына_жетуіне_жол_бермеді
ParsToday - Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің спикері ирандықтардың сахнаға қайта шығуын Америка Құрама Штаттары мен сионистік режимнің Иранға қарсы дұшпандығын залалсыздандыру деп санап, былай деді: «Бүгінде 90 миллион ирандық діні, саяси талғамы және диалетіне бөлінбей, сыртқы жауға қарсы тұрды, және бұл Иранның оянуының бетбұрыс нүктесі болды».
(last modified 2026-02-01T19:14:00+00:00 )
Қаң 13, 2026 15:52 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Иран халқы жаудың өз мақсаттарына жетуіне жол бермеді

ParsToday - Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің спикері ирандықтардың сахнаға қайта шығуын Америка Құрама Штаттары мен сионистік режимнің Иранға қарсы дұшпандығын залалсыздандыру деп санап, былай деді: «Бүгінде 90 миллион ирандық діні, саяси талғамы және диалетіне бөлінбей, сыртқы жауға қарсы тұрды, және бұл Иранның оянуының бетбұрыс нүктесі болды».

Иран Ислам Кеңес Мәжілісінің спикері Мұхаммад Бақер Қалибаф дүйсенбі күні (12 қаңтар) Тегеран халқының «Инқелаб» (Революция) алаңында өткен үлкен жиынында Иранның басқа аймақтарында сионистік-американдық терроризмге қарсы және Ирандағы соңғы террористік әрекеттерді айыптау мақсатында бір уақытта өткізілген жиында: «Біз Америка Құрама Штаттары мен сионистік режимнің психологиялық соғысында Иранның ұлы ұлты жаудың мақсаттарына жетуіне жол бермегені және саяси, экономикалық және мәдени мәселелерде жаудың әрбір әрекетіне кедергі келтіргені үшін Аллаға алғыс айтамыз, және бұл ұлт жауға қарсы табанды тұрды», - деді.

Қалибаф 12 күндік соғыстан жеті айдан кейін жау өзінің зұлым және қылмыстық ниетінен бас тартпағанына тоқталып, былай деп қосты: «Қылмыскер жау Иранның күшті және тәуелсіз болуына кедергі келтіруге тырысады. Бүгін мәселе толығымен айқын. Біз бәріміз АҚШ президентінің кез келген сылтаумен азаматтық соғыс бастауды шешкендіктен Иранға ашық және ресми түрде қауіп төндіргенін көрдік».

Иран заң шығарушы органының басшысы былай деді: «Ресми түрде өздерін шетелдік жалдамалылар деп санайтын кейбір адамдар АҚШ президентін өз отанында қарсы алып, АҚШ президентін өз отанынан артық көреді. Бұлар - сіздердің бәріңіз көрген өткен ДАИШ мүшелері. Бұлар – отаны жоқ, дінге қарсы ДАИШ мүшелері және ұлтымызға қарсы террористік соғыс бастаған қарулы жалдамалылар».

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы сөзін былай деп жалғастырды: «Олардың мақсаты террор мен үрей тудыру болды, және олар адамдарды қорқытқысы келді, және олар соғыс кезіндегі бүлік жобасын басқаша жолмен бастады, және олар ДАИШ сынды қарулы әрекеттерді жүзеге асырып, әйелдерге, балаларға және полицияға қарсы зорлық-зомбылық қылмыстарын жасады».

Қалибаф Ирандағы тәртіпсіздіктер кезіндегі террористік күштердің қатыгездігіне тоқталып, былай деп жалғастырды: «Олардың ешкімге аяушылық танытпағанын көрдіңдер. Олар Иран халқынан кек алу, елді бөлу үшін солтүстікке, оңтүстікке және әртүрлі қалаларға келді және қорқыныш пен үрей тудыратын әрекет жасады».

Қалибаф былай деп қосты: «Біздің жауларымыз бүгін тағы да қателіктеріне тап болды, және бүгін олар Иран перзенттерінің шегінбегенін және Тегеранда және бүкіл елде Иранды қорғағанын және бейбітшілік миссиясын бар күштерімен атқарғанын көрді».