Наджафи: Израиль үкіметі - халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлкен қауіп  
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i83042-Наджафи_Израиль_үкіметі_халықаралық_бейбітшілік_пен_қауіпсіздікке_үлкен_қауіп
ParsToday – Иранның Атом Қуаты Халықаралық агенттігіндегі елшісі және тұрақты өкілі: «Агенттіктің бақылауындағы ядролық келісімдерге қатысты нысандарға шабуылды айыптау керек»,- деді.
(last modified 2026-03-07T16:01:15+00:00 )
Нау 07, 2026 14:35 Asia/Almaty
  • Наджафи: Израиль үкіметі - халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлкен қауіп  

ParsToday – Иранның Атом Қуаты Халықаралық агенттігіндегі елшісі және тұрақты өкілі: «Агенттіктің бақылауындағы ядролық келісімдерге қатысты нысандарға шабуылды айыптау керек»,- деді.

ParsToday-дің «Меһр» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иранның АҚХА-гі елшісі және тұрақты өкілі Реза Наджафи сейсенбі күні: «Израиль үкіметінің саясаты мен әрекеттеріне байланысты халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлкен қауіп болып табылады»,- деп мәлімдеді. Агенттіктің бақылауындағы нысандарға шабуылдарға сілтеме жасап: «Мұндай әрекеттер ядролық радияция таратпаудың халықаралық нормаларының бұзылуы болып есептеледі және Агенттік пен оның Басқарма кеңесі осы нормаларға табанды болса, бұл әрекеттерге қарсы тұруы керек»,- деді.

Наджафи сонымен қатар, Израиль үкіметінің Батыс Азиядағы геноцид саясатына тоқталып, былай деп мәлімдеді: «Бұл аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігі тікелей аталмыш режимнің көзқарастары мен әрекеттеріне байланысты. Бұл режимнің агрессия, халықаралық құқықты бұзу және әскери еместерге қарсы қылмыстар тәжірибесі мол». Ол сөзін былай жалғастырды: «Батыс Азиядағы тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздік басқыншылық пен палестиналықтардың қырғыны тоқтатылмайынша мүмкін болмайды. Халықаралық қоғам осы жағдайға үнсіз қала алмайды». Наджафи соңында, кейбір батыс, әсіресе АҚШ сияқты ядролық қаруға ие елдерінің Израиль әрекеттеріне қолдау көрсетуіне сілтеме жасап, бұл қолдауларға немқұрайлық танытуға болмайтынын баса айтты. Өйткені Израиль үкіметінің соғысқұмарлық және тұрақсыздық саясатын жалғастыруда маңызды рөл атқарады.