Пезешкиан: Иран зорлыққа бағынбайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i83214-Пезешкиан_Иран_зорлыққа_бағынбайды
ParsToday- Иран президенті: «Жерімізге шабуыл жасалмайтынына сенім болмайынша, соғыстың аяқталуы туралы сөз мағынасыз»,- деп баса айтты.
(last modified 2026-03-19T23:37:36+00:00 )
Нау 17, 2026 17:05 Asia/Almaty
  • Пезешкиан: Иран зорлыққа бағынбайды

ParsToday- Иран президенті: «Жерімізге шабуыл жасалмайтынына сенім болмайынша, соғыстың аяқталуы туралы сөз мағынасыз»,- деп баса айтты.

ParsToday-дің хабарлауынша, ИИР президенті Масуд Пезешкиан әлеуметтік желі Х-тегі жеке аккаунтында Франция президенті Эммануэль Макронмен болған соңғы әңгімесіне сілтеме жасап: «Макронмен әңгімелесуімде Иранның бұл жабайы соғысты бастамағанын айттым. Басып кіруге қарсы қорғау - біз жақсы білетін табиғи құқық»,- деді.

Ол былай деп қосты: «Аймақтағы АҚШ базаларын Иранға қарсы, біздің көршілерімізбен қарым-қатынасымызды бұзу мақсатында пайдалану тоқтатылуы керек».

Пезешкиан былай деп айтты: «Иранға қарсы сионистік-америкалық агрессия ескерілмей аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық орнатылмайды».

Ол соғыстың дұрыс емес ақпаратқа сүйеніп  басталып, елді бөлу мақсатын көздегені - бұл XXI ғасырдағы ортағасырлық әрекет, деп атап: «Жерімізге шабуыл жасалмайтынына сенім болмайынша, соғыстың аяқталуы туралы сөз мағынасыз»,- деп мәлімдеді.

Пезешкиан «біз халықаралық қауымдастықтан АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы агрессиясын айыптап, агрессорларды халықаралық заңдарды құрметтеуге  мәжбүретуін күтеміз» деп тоқталып: «ИИР зорлыққа бағынбайды»,- деп баса айтты.