Арақчи: Ұлыбританияның Иранға қарсы агрессияға қатысуы екі ел қарым-қатынасы тарихында тіркеледі
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i83274-Арақчи_Ұлыбританияның_Иранға_қарсы_агрессияға_қатысуы_екі_ел_қарым_қатынасы_тарихында_тіркеледі
ParsToday – Иранның көрші елдері өз жерін Иранға қарсы шабуылдар үшін пайдаланылуына жол бермеу бойынша халықаралық міндеттемелерін орындамады.
(last modified 2026-03-20T21:19:10+00:00 )
Нау 21, 2026 02:19 Asia/Almaty
  • Арақчи: Ұлыбританияның Иранға қарсы агрессияға қатысуы екі ел қарым-қатынасы тарихында тіркеледі

ParsToday – Иранның көрші елдері өз жерін Иранға қарсы шабуылдар үшін пайдаланылуына жол бермеу бойынша халықаралық міндеттемелерін орындамады.

ParsToday-дің хабарлауынша, ИИР Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Иветт Купер арасындағы телефон арқылы сұхбатында АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы жүргізген соғысының өлшемдері мен салдары, сондай-ақ аймақтағы қазіргі жағдай талқыланды.

Арақчи АҚШ пен Израильдің агрессиясына қарсы Иранның қорғаныс шараларын баяндаған соң, бұл ашық агрессияға Ұлыбритания мен кейбір Еуропа елдерінің халықаралық құқықты бұзатын теріс көзқарасын сынады.

Арақчи БҰҰ Жарғысының 51-ші бабына сәйкес Иранның заңды қорғаныс құқығына баса назар аудара отырып: «Біз көрші елдердің егемендігіне құрметпен қараймыз және оларға шабуыл жасау ниетіміз жоқ, бірақ өкінішке орай, бұл елдерде АҚШ-тың базалары орналасқан және осы базалардан бізге шабуыл жасалады, бұл елдер олардың жерлерін Иранға қарсы шабуылдар үшін пайдаланылуына жол бермеу бойынша халықаралық міндеттемелерін орындамады», – деді.

Иран дипломатиясының басшысы Ұлыбританияның әскери базаларын АҚШ-қа беру туралы әрекетіне қатты сын айтып: «Әрине, бұл әрекеттер агрессияға қатысу ретінде бағаланады және екі ел қарым-қатынасы тарихында тіркеледі»,- деп мәлімдеді.