Қалибаф: Иранның жауабы Израиль әскерінің ыдырауының жылдамдығын арттыратындай жобаланған
ParsToday – Иран Ислам Кеңес Мәжілісі төрағасы сионистік әскерінің ыдырауы туралы оның қолбасшысының мойындауына сілтеме жасап: «Иранның жауабы осы орын алып жатқан ыдыраудың жылдамдығын арттырады» деп жазды.
ParsToday хабарлауынша, Иран Ислам Кеңес Мәжілісінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф X әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында: «Израиль әскерінің қолбасшысы режим үкіметінің отырысында: «Мен он қызыл ту көтердім... Израиьл әскері өз ішінде ыдырап кетеді» деген» деп жазды.
Ол Израил режимінің шиеленісті күшейту және Иранның өнеркәсіп инфрақұрылымдарына шабуылдау арқылы бұл ескертулерді елемеуге және қылмыстарды көбейту арқылы үкімет пен жеңілген әскеріне сенімділікті қайтаруды қалайтынын айтып, нақтылады: «Иранның жауабы осы орын алып жатқан ыдыраудың жылдамдығын арттыру үшін жобаланған».