Арақчи мен Пәкістан әскері басшысы шиеліністі күшейтудін алдын алу туралы сөйлесті
ParsToday – Пәкістан әскері басшысының Тегеранда Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінде шиеліністің күшеюінің алдын алу және соғысты аяқтау үшін жасалып жатқан соңғы дипломатиялық күш-жігерлер мен бастамалар талқыланды.
ParsToday IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Пәкістан әскері басшысы фельдмаршал Асым Мунир Ислам республикасының ресми тұлғаларымен кеңесу және пікір алмасу мақсатында Тегеранға келді. Жұма күні кешкі уақытта ол Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчимен кездесіп, пікір алмасты.
Бұл кездесу түнгі уақытқа дейін жалғасты. Тараптар шиеліністің күшеюінің алдын алу және АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы жүргізген агрессивті соғысын аяқтау үшін жасалып жатқан соңғы дипломатиялық бастамалар, сондай-ақ Батыс Азия аймағындағы бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздікті нығайту жолдарын талқылады.