Астанада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне арналған отырыс аяқталды
(last modified Thu, 14 Jul 2016 09:17:58 GMT )
Шіл 14, 2016 15:17 Asia/Almaty
  • Астанада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне арналған отырыс аяқталды

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне арналған отырыстың соңында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі конвенциясының алғашқы нұсқасының көбірек қарастыруды қажет ететіндігін айтты.

Астанада Каспий теңізінің жағалауындағы Иран, Ресей, Әзірбайжан республикасы және Түркіменстан елдерінің Сыртқы Істер Министрлерінің қатысуымен өткен отырыста сөз сөйлеген Қазақстан Сыртқы істер министрі: «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі конвенциясының алғашқы нұсқасының мәтінінде шешілмеген мәселелер бар. Соларды шешу үшін тағы отырыстар өткізу қажет» деді.

ИРНА- ның хабарлауынша, Ерлан Ыдырысов сәрсенбі күні Астанада Каспий теңізінің жағалауындағы 5 мемлекеттің Сыртқы Істер Министрлерінің отырысының соңында тілшілерге берген сұхбатта: «Астана саммитіне қатысушылар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі конвенциясының алғашқы нұсқасына келісуге ден қойды.

Бүгінгі отырыстың нәтижелері мен келесі отырыстардың жоспары қарағанда едәуір ілгерілеушіліктер үшін негіз бар, бірақ көбірек ынтымақтастық жасаудың қажеттігі сезілетін мәселелер да бар» деді.