Қазақстан Президентінің қызы үкіметтік лауазымнан босатылды
https://parstoday.ir/kz/news/kazakhstan-i14539-Қазақстан_Президентінің_қызы_үкіметтік_лауазымнан_босатылды
Қазақстан Президентінің қызы премьер-министр орынбасары міндетінен босатылды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 14, 2016 11:00 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президентінің қызы үкіметтік лауазымнан босатылды

Қазақстан Президентінің қызы премьер-министр орынбасары міндетінен босатылды.

ИСНА ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі  мәліметінше, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Дариға Назарбаева Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары міндетінен босатылды.

Қазақстан Президенті бұл елдің бұрынғы Премьер-министрі Кәрім Мәсімовті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы етіп тағайындаған соң Бақытжан Сағынтаевты жаңа Премьер-министр лауазымына  тағайындады. Сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Асқар Маминды Премьер-министрдің бірінші орынбасары міндетіне  бекітті. 2015-ші жылдан бері бұл міндетті Дариға Назарбаева атқарған болатын.