Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бұрынғы төрағасы құрықталды
Хабар көздері Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бұрынғы төрағасы мен осы орталықтың өзге екі жоғары деңгейлі қайраткерінің мемлекеттік құпияны әшкерелеу айыбымен құрықталғанын хабарлады.
Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дутбаев осы елдің мемлекеттік құпиясын әшкерелеу және лауазымын асыра пайдалану айыбымен құрықталды.
Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз бюросының мәлімдеуінше, Дутбаев Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің екі қызметкері Нұрлан Болатұлы және Ерлан Нұртаевпен бірге 26 желтоқсанда құрықталды. Олардың үйлерін тінтуден кейін бірнеше құпия құжат табылып, тәркіленген.
Қазіргі кезде аталмыш кісілер Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің тергеу изоляторында отыр.
Нартай Дутбаев 2001 жылдың желтоқсан айынан 2006 жылдың ақпан айына дейін Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.