"Астана-3" отырысының тізімі жарияланды
Ақп 14, 2017 08:42 Asia/Almaty
Қазақстан СІМ өз мәлімдемесінде "Астана-3" екі күндік отырысының сәрсенбі күні басталатынын хабарлады.
Осы мәлімдемеге сәйкес, отырысқа Иран, Ресей және Түркия делегацияларымен бірге, Сирия үкіметі, қарулы қарсыластардың өкілдері, БҰҰ бас хатшысының Сириядағы өкілі Стаффан де Мистура және Америка мен Иордания өкілдері қатысады. Мәлімдемеде сондай- ақ, "Астана-3" отырысында Сирияда ымыра орнатуға қатысты мәселелер, елдің белгілі аймақтарында жағдайды тұрақтандыру үшін шара қолдану және Женевадағы Сирияға тақырыбында өтетін алдағы келіссөздерге қатысты мәселелердің талқыланатындығы көрсетілген.