Қазақстан Сирияға қатысты келіссөздердің төртінші кезеңін өз жерінде өткізуге әзірлік танытты
Қазақстан СІМ осы елдің Иран, Ресей және Түркияның бастамасымен өтетін сириялық- сириялық келіссөздердің төртінші кезеңін Астанада өткізуге әзірлік танытты.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді сұхбаттасуларды өткізушілер «сириялық-сириялық» техникалық отырыстың бағдарламасын қай кезде жарияласа, Астана келіссөздерге қатысушыларды қабылдауға және оны өткізуге дайын деді.
Астанадағы үшінші отырыс Иран СІМ- нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Хосейн Джабер Ансаридің төрағалығымен ирандық, ресейлік және түрік делегациясы, БҰҰ, Қазақстан, Иордания, сондай-ақ бақылаушы ретінде Американың қатысуымен өтті.
Сирияның жаңа Конституциясының алғашқы нұсқасы туралы пікірталас үшін жұмыс тобын құру, осы елдегі жалпыға бірдей ымыраны жалғастыру мен күшейту және Сирия үкіметі мен қақтығыстарды доғару шартын мойындаған 9 қарулы қарсылас топ өкілдерінің келіссөздерін жеңілдету – Астанада өткен үш отырыста қарастырылған тақырыптар.