Қазақстандағы Иран елшілігі мен Бас консулдығында президент сайлауы өтеді
Қазақстандағы Иран елшілігі мен Бас консулдығында Иранның президент сайлауының он екінші кезеңі өтеді.
ИИР Телерадио бірлестігінің Алматыдан хабарлауы бойынша, ИИР-ның Қазақстандағы елшісі: «Ертең, жұма күні Қазақстанның елордасы Астана қаласындағы Иран елшілігі мен Алматы қаласындағы Иранның Бас консулдығының ғимараттарында дауыс беру учаскелері жұмыс істейді.
Ертең таңертеңгі сағат 08:00-ден бастап Астанадағы Иран елшілігі мен Алматыдағы Иранның Бас консулдығының есіктері осы елде тұрып жатқан ирандықтардың дауыс беруі үшін ашық болады»,-деді.
Ертең Ирандағы президенттік сайлаудың он екінші кезеңі қалалар мен ауылдардағы исламдық кеңестерге сайлаудың бесінші кезеңі жəне Иран Ислам кеңесі мəжілісінің оныншы кезеңінің алғашқы кезеңаралық сайлауымен бір мезгілде өтеді.
56 410 234 адам ертеңгі сайлауға қатысу шарттарына сай деп танылды. Соның ішінде 1 350 294 адам бірінші рет дауыс береді.