Қазақстанда мұсылман үлемдерінің отырысы өтеді
(last modified Sat, 24 Feb 2018 11:02:59 GMT )
Ақп 24, 2018 17:02 Asia/Almaty
  • Қазақстанда мұсылман үлемдерінің отырысы өтеді

Ағымдағы жылдың наурыз айының ортасында Қазақстан мүфтилерінің бастамасымен елдің бас қаласы Астанада Еуразия мұсылман үлемдерінің отырысы өтеді.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, отырысқа 30-дан астам мұсылман үлемі, 18 жоғары мүфти мен әлемнің 22 елінен келетін діни ұйымдардың өкілдері қатысады.

Қазақстан мүфтияты баспасөз бөлімінің хабарлауынша, халықаралық отырыстың қонақтары жауапкершілікті қабылдау, мұсылмандардың қоғамында түсіністік қалыптастыру, әлемдік қиындықтарға жауап беру, ислам үмбетінің әсірешілдік пен лаңкестікке қарсы қол сұғылмаушылығын нығайту, жаңа дәуірдегі ислам және еуропалық факторлар секілді тақырыптар аясында баяндама жасайды.

Сонымен қатар, Еуразия елдері үшін ортақ пәтуалар шығару жолдарын қарастыру мен қорытынды мәлімдеме бекіту отырыстың келесі тақырыптарының қатарын құрайды.

 

 

Тегтер