Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті
Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында терроризмге қарсы «Спрут-2020» кешенді жедел-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері бұл оқу-жаттығуды террористік қатерлерді әкелушілер мен олардың қайнаркөздерін жоюға бағытталған іс-қимылдың тиімді жүйесін бағалау үшін өткізді. Сондай-ақ бұл оқу-жаттығудың мақсаты Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің терроризмге қарсы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру және мемлекеттік шекараны жаппай заңсыз кесіп өтуді оқшаулау ықтималдығы кезінде бірлескен тактикалық іс-қимылдарды пысықтау болды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері жаттығу кезінде алдарына қойылған міндеттерді сәтті орындап, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы тарапынан жоғары баға берілді.